Home Blog Page 9

Павлодарда өз пәтерінде онлайн-казино ұйымдастырған тұрғын ұсталды

0

Заңсыз бизнеспен айналысқан жігіт әлеуетті клиенттердің тобын құрып, онлайн покер ойнауды ұсынып отырған. Ұтысты өзінің жеке картасына қабылдаған, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өз үйінде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған азаматтың ісін сот қарауына жөнелтті. Департамент басшысының орынбасары Ринат Арғынбековтің айтуынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қозғалған.

«Ер адамның үйін тінту барысында 37 монитор мен 14 жүйелі блок, 45 ұялы телефон, 7 ноутбук, ақшалай 700 мың теңге және 5 мың ресей рублі, 2 флеш-жинақтауыш, 6 дискі, покер ойынына арналған жинақ табылды. Заңсыз онлайн-казиноны департамент мамандары интернет-платформаға мониторинг жүргізу кезінде анықтады. Ол адамдарды жұмысқа қабылдап, тәулік бойы жұмыс істеген. Әрбір сегіз сағат сайын ауысып отырған. Әлеуетті клиенттеріне онлайн покер ойнауды ұсынып, ұтыс ақшасын картасына қабылдап келген», — дейді Ринат Арғынбеков.

Ер адамның заңсыз жолмен тапқан ақшасы тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Қазақстанда 30 млн гектарға жуық жер тозған

0

Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінде «Топырақты қорғау туралы» депутаттық заң жобасы және оған ілеспе түзетулер таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

ҚР АШМ Жерге орналастыру жұмыстары жөніндегі мемлекеттік институтының мәліметінше, бүгінде елімізде 29,9 миллион гектар жер тозған. Ықтимал топырақ құнарлылығы 17%-ға төмендеген, ал суармалы жерлердегі сортаңды жерлер 35-37%-ға артқан. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы өнімін өндіру азайған.

«Өткен жылы «Жайылымдар туралы» заңға жайылымдардың тозу процестерінің алдын алуға, олардың жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған, топырақты қорғау мәселелеріне және жасыл экономика негіздеріне тікелей қатысты нормалар енгізілді. Дегенмен, қазір егістік алқаптарының тозуы, олардың қарашірігінің азаюы қайтымсыз қарқын алуда», − деді Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Нұржан Әшімбетов.

Айта кетерлігі, Жер және Экологиялық кодекстерде топырақты қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар жалпы сипатта болады, онда топырақты қорғаудың құқықтық тетіктері мен шаралары жоқ.

«Қолданыстағы Жер кодексінде топырақ болып саналатын қоршаған орта объектілеріне (6-баптың 2-тармағы) қатысты арнайы заңнамалар қабылдау көзделген.Топырақты қорғауды құқықтық реттеу мен басқаруға кешенді көзқарастың болмауы топырақтың одан әрі деградациялану, биологиялық өнімділіктің төмендеуі және олардың экономикалық және экологиялық міндеттерін орындамау қаупін тудырады. Осыған байланысты жоғарыда аталған заң жобалары әзірленді», − деп түсіндірді Н.Әшімбетов.

Негізгі заң жобасының ережелері топырақ ресурстарын ұтымды пайдалану, оларды жасылдандыру, жердің нысаналы мақсаты мен топырақ қасиеттеріне байланысты құқықтық режимге сараланған көзқарас, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалануды барынша азайту, сондай-ақ топырақты экожүйенің бөлігі ретінде тану қағидаттарына негізделген.

Алматы тауларында қар көшкіні жүргізілді

0

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты базасының аумағында қар көшкінін алдын ала жүргізу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алматы тауларында температураның күрт өзгеруіне, жылымыққа және желге байланысты көшкін жүру қаупі артты.

«ТЖМ Қазселденқорғау қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында 3200 метр биіктікте профилактикалық қар түсіру жұмысын жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3500 текше метр қар массасы түсірілді», – деп хабарлады ТЖМ.

Құтқарушылар тұрғындарға таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі әлі де барын айтып, барынша сақ болуға шақырды.

Өскемен көшелерінде иесіз иттердің қаптап жүр

0

Өскемен қаласының тұрғындары көшелерде қаңғырған иттердің көбейіп кеткенін айтып, дабыл қағып жатыр. Күн сайын құзырлы басқармаға кем дегенде 5 адам шағымданады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Өскемен көшелерінде қаптаған иттер мәселесі әлі де шешімін табар емес. Апта сайын 10-ға жуық адамды ит қауып жатыр. Қаңғырған иттер бірнеше шағын аудан халқын үрейлендіріп отыр.

«Ашығын айтқанда, далаға шығуға қорқатын болдық. Аш иттер тап беретіндей көрінеді. Бізді қойшы, балаларды обал ғой. Бұрын ит саны осыншама көп болмайтын. Биыл ерекше қаптап кеткендей», — дейді Бақтияр есімді Жібек маталар комбинаты шағын ауданының тұрғыны.

Шығыс Қазақстан облысы Ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, күн сайын иесіз иттердің қаптап жүргеніне кем дегенде 5 адам шағымданады.

«Қала тұрғындары бізге хабарласып, қаңғырған иттердің қаптап кеткеніне наразылық білдіріп жатады. Жануарлар құқығын қорғаушылардан да шағымдар түсіп жатыр. Мәселен, біздің мамандар шағын аудандарға барғанда басқа біреулер атып кеткен иттерді табады. Әлбетте, олар өлекселерді жинап алады. Сол кезде қолына камера ұстаған адамдар атып шығып, «Иттерді атып жатыр» деп байбалам салады. Өскеменде дәл осындай 10 оқиға болды. Қазір сол бойынша тергеу басталды», — дейді Шығыс Қазақстан облысының Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов.

Оның айтуынша, өткен жылы көше кезген иттердің тым көбейіп кеткені жайлы тұрғындардан 2 мыңнан астам шағым түскен.

Көкарал бөгетін реконструкциялау жыл соңына дейін аяқталады

0

«Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағаларын қалпына келтіру» жобасы аяқталуға жақын. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағаларын қалпына келтіру» жобасы аяқталуға жақын. Министрлік жыл соңына дейін Солтүстік Аралды Үлкен Арал теңізінен бөліп тұрған Көкарал бөгетін реконструкциялау жұмысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл Солтүстік Аралды сақтауға, судың тұздылығын одан әрі азайтуға және аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі», — деді ол ОКҚ алаңында.

Сондай-ақ ресми өкіл министрлік Дүниежүзілік банкпен бірге 39 жобаны қамтитын «Солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасының екінші кезеңін әзірлегенін айтты.

«Бұл жобаның қандай пайдасы болады? Бұл 2000 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы мен балық аулау кәсібін дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңірдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Мөлдір Әбдуалиева.

Бұған дейін ол Солтүстік Аралға наурыздың соңына дейін 1,6 млрд текше метр су жіберілетінін айтты.

Министрлік АҚШ-та шамамен бірнеше мың қазақстандық азамат заңсыз жүргенін мәлімдеді

0

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты тағы да түсінік берді, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Біздің ресми дерек бойынша АҚШ-та 3600-ге жуық Қазақстан азаматы тұр. Олар консулдықта ресми есепке тұрған, олардың құжаты дұрыс. Ал заңсыз жүргенде келсек, логикалық тұрғыда олардың санын біз білмейміз, себебі олар заңсыз жүр. Шамамен 100-ден бірнеше мың адамға дейін болуы мүмкін. Депортация — кез келген елдің көші-қон қызметінің заңды әрі қалыпты шарасы. Егер адам көші-қон заңын бұзса, ол депортациялауға жатады», — деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға кеңес берді.

«Біздің заңсыз барған азаматтарға бір ғана кеңес, АҚШ аумағынан шыққандарыңыз дұрыс болады. Сіз егер көші-қон полициясының қолына түссеңіздер, ол ел аумағына кіруге тыйым салынады. Дұрысы Қазақстанға келіп, визаға немесе грин-картаға заңды түрде құжат тапсыру қажет», — деді ол.

Жыл басында Дональд Трамптың миграциялық саясаты Қазақстанға қалай әсер ететіні туралы жазған едік.

Қор нарығында теңге нығайып келеді

0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,95 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 497,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 518 — 523 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 504 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,34 — 5,48 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 13 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,33 теңге. Еуро — 520,11.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне қатысты

0

EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара.

Фестиваль Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен және басқа да салалық ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен өтіп жатыр.

Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады.

Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын 11 ақпанда елордада жұмысшы мамандықтарының фестивалі басталғанын жаздық.

Президент әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2025 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында ҚР Қарулы Күштері, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын. 2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан жиырма 27 жасқа дейінгі ер азаматтар 2025 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын. 3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2025 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін», — делінген Президент жарлығында.

ТЖМ Астана вокзалындағы жарылысқа қатысты түсініктеме берді

0

Астана вокзалында орын алған төтенше оқиғаға қатысты ТЖМ хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Елордалық Полиция департаментінің орталық жедел басқармасының дерегінше, Сарыарқа ауданындағы Гёте көшесінде жарылыс болған.

ҚТЖ бөлімшесі кезекшісінің мәліметінше, 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде дүмпу орын алды.

Ал ТЖМ оқиға орнына дереу құтқарушылар жеткенін мәлімдеді.

«Өрт болған жоқ. Зардап шеккендер де байқалмады. Оқиға нәтижесінде бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажеті болмады», — делінген ведомство дерегінде.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары нақтылануда.