Home Blog Page 15

Дональд Трамп трансгендерлерге әйелдер спортына қатысуға тыйым салды

0

Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдердің спорт жарыстарына қатысуына тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Ендігәрі әйелдер спорты тек әйелдерге тиесілі. Әйелдер спотындағы соғыс осымен бітсін», — деген Трамп Ақ үйде жарлыққа қол қойды. Оны қоршап тұрған қыз-келіншектер ду қол шапалақтады.

АҚШ президенті енді трансгендер спортшыларға виза бермеуді қарастыратынын айтты.

Трамптың жарлығы мектеп, университеттерге және әуесқой спорт жарыстарына жүретін күші бар, бірақ ол 2028 жылы Лос-Анджелес олимпиадасы басталғанша трансгендер спортшыларға қатысты ережелерінді қайта қарауды Халықаралық Олимпиада комитетінен сұрайтынын жеткізді.

«Кейінгі жылдары көптеген білім беру мекемелері мен спорттық бірлестіктер ер адамдарға әйелдермен жарысуға мүмкіндік беретін болған. Бұл қыздар үшін қорлық, оларға әділетсіздік жасау болып саналады. Бұл қыздардың спорттық бәсекелерде қабілетін көрсетіп, шыңдалуына қауіп төндіреді», — деді Трамп.

Дональд Трамп  инаугурация кезінде  АҚШ саясаты тек екі жынысты мойындайды: әйелдер мен еркектер деген еді. Кейін тиісті заңға қол қойды.

Мәжіліс жасанды интеллект туралы заң жобасын талқылайды

0

Парламент Мәжілісінің қарауына «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен екі ілеспе құжат енгізілді, — деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жасанды интеллект технологияларын қарқынды дамыту керек екенін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді. Жасанды интеллект және оған ілеспе заң жобаларына Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық етті. Бұл құжаттар жасанды интеллект технологияларын пайдаланудың бірыңғай құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған. Негізгі заң жобасы жасанды интеллект саласындағы реттеудің, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық әрі ұйымдастыру негіздерін, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың жасанды интеллект технологияларын пайдалану ерекшеліктерін айқындайды», — деді Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов палатаның жалпы отырысында.

Бұдан басқа, іліспе заң жобалары жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып жасалған өнімдерге қатысты тұтынушылардың құқықтарын және жеке деректерін қорғауға, жасанды интелект арқылы жасалған БАҚ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Сондай-ақ жасанды интеллект жүйелерінің иелері үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осыған орай Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті бұл заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», — деді депутат.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан жасанды интеллектті күнделікті өмірде қолдану үшін 1 млн адамды оқытпақ.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

0

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, — деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді. Ол елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайғанын баяндады.

«Соңғы жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың барлық санаты бойынша ашылуы жақсара түскен», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен бірге ол қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтты. Осылайша, 2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстағаны белгілі болды.

Одан бөлек министр ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды.

 «Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соңғы 12 айда есірткі таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7500-ге жуық интернет-ресурс анықталып, 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеген, 64 есірткі зертханасы жойылды», — деді ІІМ министрі.

Бұған қоса елімізде интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталған. Нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленген. Сондай-ақ, алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеген.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Үй жанындағы дүкендер мен әлеуметтік тауар сатушылар үшін ҚҚС өсе ме: министрлік жауап берді

0

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжілістің отырысынан кейін қосылған құн салығы өссе, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына қалай әсер ететінін айтты, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Қазіргі таңда үй жанындағы дүкендерге қосылған құн салығын қоспау мәселесін қарастырып жатырмыз. Негізгі түсіністік бар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында қосылған құн салығын көтеру мәселесі жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға да қосылған құн салығы өспейді деп пайымдап жатырмыз, жоспарлап жатырмыз», — деді Қайрат Төребаев.

Вице-министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қосылған құн салығының өскеніне қарамастан өсуі мүмкін екенін атап өтті.

 

Hello world!

1

Welcome to WordPress. This is your first post. Edit or delete it, then start writing!