Өскемен көшелерінде иесіз иттердің қаптап жүр

0
42
pixabay.com
pixabay.com

Өскемен қаласының тұрғындары көшелерде қаңғырған иттердің көбейіп кеткенін айтып, дабыл қағып жатыр. Күн сайын құзырлы басқармаға кем дегенде 5 адам шағымданады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Өскемен көшелерінде қаптаған иттер мәселесі әлі де шешімін табар емес. Апта сайын 10-ға жуық адамды ит қауып жатыр. Қаңғырған иттер бірнеше шағын аудан халқын үрейлендіріп отыр.

«Ашығын айтқанда, далаға шығуға қорқатын болдық. Аш иттер тап беретіндей көрінеді. Бізді қойшы, балаларды обал ғой. Бұрын ит саны осыншама көп болмайтын. Биыл ерекше қаптап кеткендей», — дейді Бақтияр есімді Жібек маталар комбинаты шағын ауданының тұрғыны.

Шығыс Қазақстан облысы Ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, күн сайын иесіз иттердің қаптап жүргеніне кем дегенде 5 адам шағымданады.

«Қала тұрғындары бізге хабарласып, қаңғырған иттердің қаптап кеткеніне наразылық білдіріп жатады. Жануарлар құқығын қорғаушылардан да шағымдар түсіп жатыр. Мәселен, біздің мамандар шағын аудандарға барғанда басқа біреулер атып кеткен иттерді табады. Әлбетте, олар өлекселерді жинап алады. Сол кезде қолына камера ұстаған адамдар атып шығып, «Иттерді атып жатыр» деп байбалам салады. Өскеменде дәл осындай 10 оқиға болды. Қазір сол бойынша тергеу басталды», — дейді Шығыс Қазақстан облысының Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов.

Оның айтуынша, өткен жылы көше кезген иттердің тым көбейіп кеткені жайлы тұрғындардан 2 мыңнан астам шағым түскен.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here