Home Blog Page 8

Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады

0

Әлихан Смайылов биыл 40-тан астам аудиторлық іс-шара өткізу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған қызметінің қорытындылары мен осы жылға арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Президентке былтыр 214 нысанда құны шамамен 11 триллион теңгені құрайтын 27 аудиторлық іс-шара өткізілгені туралы баяндалды. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 862 миллиард теңге болатын түрлі нормалардың бұзылғаны анықталды. Тексерістердің қорытындысы бойынша бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды. Бұл 2023 жылы өтелген қаржыдан бес есе артық.

Мемлекет басшысына құрылыс нысандарындағы баға қалыптастыру, өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау ісінде олқылықтар үнемі байқалатыны айтылды.

Жоғары аудиторлық палата барлық анықталған заң бұзушылықты жою үшін Үкіметке ұсыным беріп, жауапты мемлекеттік органдарға нұсқама жолдаған.

Әлихан Смайылов биыл 40-тан астам аудиторлық іс-шара өткізу жоспарланғанын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана және Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы, KEGOC кәсіпорыны, Ұлттық банк, Төтенше жағдайлар министрлігі бюджеттерінің орындалуы тексеріледі. Сонымен қатар ғылым, қорғаныс, құқықтық тәртіпті сақтау, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, орман шаруашылығы салаларында аудиторлық тексерістер жүргізіледі.

Кездесу соңында президент мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар бюджет қаржысының игерілуін тиімді бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызына назар аударды.

«Қазақмыс» Кеңгір су қоймасын мемлекетке қайтарды

0

Ұлытау облысындағы Кенгір су қоймасы «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансында болған, деп хабаралайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы

«Кеңгір су қоймасы — энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі. Ол 1952 жылы салынған (319 миллион шаршы метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, демек мемлекет меншігінде болуы тиіс», — деп жазды прокуратура.

Су қоймасын қайтару үшін сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылған.

Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

 

Жетісу облысында республикалық тасжол жабылды

0

«ҚазАвтоЖол» Жетісу облысындағы республикалық трассаның жабылғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы

Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты 21 ақпанда сағат 11:00-ден бастап Көктұма ауылынан Достық станциясына дейінгі Үшарал-Достық автожолының учаскесі жабылады.

Көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектеледі.

 

ҚХР шетелдік инвестицияларды тұрақтандыру бойынша іс-қимыл жоспарын жариялады

0

Қытай билігі сәрсенбі күні Мемлекеттік кеңестің жақында өткен атқарушы отырысында талқыланып, қабылданған 2025 жылы шетелдік инвестицияны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Мемлекеттік кеңес кеңсесі таратқан хабарламаға сәйкес, тиісті іс-шаралар жоспарын елдің Сауда министрлігі мен Даму және реформа істері жөніндегі комиссиясы әзірледі.

2025 жылы тұрақты шетелдік инвестицияны қамтамасыз етуді көздейтін жоспарда шетелдік инвестицияның жоғары деңгейде ашылуына ықпал етудің негізгі аспектісі және жаңа өндіргіш күштерді дамыту және қытайлық үлгідегі жаңғыртуды жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратыны айтылған.

Жоспарға сәйкес Қытай пилоттық аймақтарға қосымша құн қосылған телекоммуникациялар, биотехнологиялар және толығымен шетелдік медициналық мекемелер сияқты салаларда ашықтық саясатын тиімді жүзеге асыруда қолдау көрсетіп, осы секторлардағы шетелдік инвестицияланған жобаларға бір терезе қызметін ұсынады.

Ел билігі телекоммуникация және медициналық қызмет көрсету сияқты салалардағы ашықтықты жедел арттыру үшін пилоттық бағдарламаларды кеңейтуді жалғастырады.

Сонымен қатар, Қытай білім және мәдениет салаларындағы ашықтықты кеңейту жоспарларын тұжырымдап, бұл жоспарларды дер кезінде жариялап, оларды біртіндеп жүзеге асыратыны көзделген.

Ақтөбе облысында спорт мектептерінің басшылары букмекерлік кеңсеге 12 млн теңге жұмсаған

0

Ақтөбе облысында екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары бюджет қаражатын негізсіз иемденгені анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Облыс прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс болған қаражатты екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтады.

«Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған. Аталған фактілер бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді», — делінген прокуратура хабарламасында.

Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Қазақстанда жеңілдетілген несие алатын ауылдар саны 4000-ға дейін өседі

0

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Бауыржан Омарбеков ауылды дамытуға арналған жеңілдетілген несиелерді алуға хақылы ауылдардың санын көбейту жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2025 жылы 50 млрд теңге бөлініп, жобалар іске асырылады. Бұған дейін осы бағдарламаның әкімшісі Ауыл шаруашылығы министрлігі болса, Үкімет деңгейінде оны Ұлттық экономика министрлігіне беру туралы шешім қабылданды, — деді ол Мәжілістегі дөңгелек үстелде.

Вице-министр Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауыл — ел бесігі» және «Ауыл аманаты» бағдарламаларын біріктірілетін еске салды.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасында іріктелген 3500 ауылмен ғана жұмыс істеген едік. Бұдан былай басқа ауылдарға несие бермейміз деген позицияны ұстана алмаймыз. Өйткені қалған 2800-ге жуық ауылға да қолдау керек. Дегенмен басым бағыт даму әлеуеті жоғары елді мекендерде болады. Қазіргі 3500 ауылдың тізбесін қайта қарап шығуымыз керек шығар. Бұған дейін халық санына мән беріп отырсақ, енді экономикалық әлеуетіне көбірек назар аударамыз. Яғни, бұрын 3500 ауыл болса, енді бәлкім 4000-ға жеткізетін шығармыз», — деді Бауыржан Омарбеков.

 

Маңғыстау облысында басқарма басшысына қатысты іс қозғалды

0

Маңғыстауда басқарма басшысы прокурордың талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Прокуратурамен микроқаржы ұйымдарының қызметінде заңдылықтың жай-күйін талдау шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасына қажетті мәліметтерді ұсыну туралы ресми түрде талап жіберілді.

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңмен белгіленген мерзімдерге қарамастан, Өңірлік өкілдер басқармасымен прокуратураның талабы орындалмай, белгіленген мерзімде ақпарат ұсынылмады. Салдарынан басқарма басшысына қатысты ӘҚБтК 665-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот лауазымды тұлғаны құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салды», — делінген хабарламада.

Прокуратура, прокурордың талаптары мен сұрау салулары жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың, мекемелердің, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті екенін атап өтеді.

Бұдан бұрын Прокуратура тексерісінен кейін Ақсуда пәтер жалдау ақысы арзандағанын жаздық.

Қазақстанда ет бағасы өсе ме: министрлік жауап берді

0

Қазақстанда ет бағасының күрт өсуіне негіз жоқ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Вице-министр былтырдың қорытындысы бойынша 1,1 млн тоннадан астам сиыр еті мен қой еті өндірілгенін, бұл көрсеткіш ел ішіндегі сұранысты толық өтейтінін атап өтті.

«2024 жылдың қорытындысына қарасақ, өндіру көлемі шамамен 4 пайызға, оның ішінде сиыр еті 2 пайыздан астам деңгейге өсті. Бұл бағыттағы іс-шаралар халықтың етке деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді, сондықтан ет бағасының өсуіне негіз жоқ», — деді Е. Кенжеханұлы Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ет бағасының көтерілуіне Өзбекстан жағынан болған жоғары сұраныс әсер еткен.

«Бірақ соңғы аптада байқағанымыздай, баға тұрақтанды және қазір өсімнің басқа факторларын көріп тұрғанымыз жоқ», — деді вице-министр.

Сонымен қатар ол қазіргі кезде мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге 5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыруды бөлу қарастырылып жатқанын атап өтті.

«Бұл қадамдар елімізде ет өндіруді одан әрі ынталандырады. Қазір сиыр етінің бағасы келісіне шамамен 2700-3000 теңгені құрап тұр», — деді Ермек Кенжеханұлы.

Бұған дейін хабарланғандай, вице-министр елімізде сәбіздің жаппай бүлінуі деректері анықталмағанын мәлім етті.

Елімізде екі жылда 80 ауыл картадан жоғалған

0

Мәжілісте шекаралық елді мекендердің мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Бірінші болып баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев дөңгелек үстелген қатысушыларға ауыл халқының жылдан жылға азайып бара жатқанына назар аударуды сұрады.

«Бүгінгі күнде елімізде 6208 ауыл бар, ал 2023 жылы 6286 ауыл болды. Сонда тек 2 жылдың ішінде 80 ауыл жойылды. Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінде: ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру қажеттігін баса айтқаны баршаңызға мәлім. Сондықтан осы мәселені талқылап, ауылдарды соның ішінде шекара маңындағы ауылдарды дамыту бойынша нақты шешімдерге келген жөн», — деді ол.

Ал Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, кейінгі он жылда Қазақстан картасынан 572 ауыл жойылған.

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы арнайы заң шығарылады

0

Елімізде психологиялық көмекке қатысты жаңа заң қабылданады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Мектепте балалармен жұмыс істейтін психологтар мен психологиялық қызметке қатысты біздің депутаттар сауалын да жолдады. Олардың жалақы мәселесі де көтерілді. Кадр даярлауда да проблема баршылық. Кадр жетіспеушілігі, қалай даярлап жатырмыз бұл маңызды. Қазір психологиялық қызмет көрсететін орталықтар ашылып, жұмыс істеп жатыр, бірақ оның тиімділігіне қатысты мәселелер бар. Біз психологиялық қызмет бағытында заң жобасын дайындауға кірістік, — деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістің комитет отырысында.
Халық қалаулысының айтуынша, қазір жаңа жобасы бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімованың айтуынша, елімізде психологиялық қызметке қатысты бірқатар шара бар, атқарылып жатыр, бірақ жеткіліксіз.

«Президенттің 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында және «AMANAT» партиясының сайлау алды бағдарламасында қазақстандықтардың денсаулығын қамтамасыз ету мәселелеріне үлкен мән беріледі. Өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығының психологиялық қолдау қызметтерін құрудың маңыздылығы атап өтіледі. Осы тапсырмалар аясында біраз жұмыс атқарылуда. Сегізінші шақырылымдағы көптеген заң жобасы халықтың белгілі бір санатын психологиялық қолдауға байланысты мәселелерді шешуді көрсетті. Бұл балалық шақ пен ананы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингпен күрес, лудомания, халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты заң жобалары болды. Бүгінде «AMANAT» партиясы «Психологиялық көмек туралы» заң жобасын әзірлеуде», — дейді депутат.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтуынша елімізде психологиялық қызмет көрсетудің тиісті нормалары бар, бірақ ол шашыраңқы екенін айтқан еді.

Айта кетейік, елімізде мінез–құлқы психикалық бұзылған (ауытқуы бар) 20 4408 адам бар. Оның ішінде 44 781 кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдер.

Сондай-ақ психикалық ауытқуы бар адам қандай жағдайда мәжбүрлеп емдеуге жіберілетіні туралы жазған едік.