Министрлік АҚШ-та шамамен бірнеше мың қазақстандық азамат заңсыз жүргенін мәлімдеді

0
54
pixabay.com
pixabay.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты тағы да түсінік берді, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Біздің ресми дерек бойынша АҚШ-та 3600-ге жуық Қазақстан азаматы тұр. Олар консулдықта ресми есепке тұрған, олардың құжаты дұрыс. Ал заңсыз жүргенде келсек, логикалық тұрғыда олардың санын біз білмейміз, себебі олар заңсыз жүр. Шамамен 100-ден бірнеше мың адамға дейін болуы мүмкін. Депортация — кез келген елдің көші-қон қызметінің заңды әрі қалыпты шарасы. Егер адам көші-қон заңын бұзса, ол депортациялауға жатады», — деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға кеңес берді.

«Біздің заңсыз барған азаматтарға бір ғана кеңес, АҚШ аумағынан шыққандарыңыз дұрыс болады. Сіз егер көші-қон полициясының қолына түссеңіздер, ол ел аумағына кіруге тыйым салынады. Дұрысы Қазақстанға келіп, визаға немесе грин-картаға заңды түрде құжат тапсыру қажет», — деді ол.

Жыл басында Дональд Трамптың миграциялық саясаты Қазақстанға қалай әсер ететіні туралы жазған едік.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here