Home Blog Page 3

Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы ауысты

0

Бұл қызметті бұдан былай Гүлназ Сүлейменова атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Оқу-ағарту министрлігінің және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының Білім басқармасының басшысы лауазымына Гүлназ Сүлейменова тағайындалды.

Гүлназ Төрәліқызы 1977 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын совхозында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — филолог (қазақ тілі мен әдебиеті), заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы.

Еңбек жолының 28 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

2018-2021 жылдары Ақтөбе облысының Білім басқармасы басшының орынбасары, 2021-2022 жылдары Атырау облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.

Ал 2022-2024 жылдары Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді

0

Жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Ұлттық құраманың ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов қосымша медициналық қаралымнан өтеді. Соның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатысу-қатыспауы туралы шешім қабылданады», — деп жазылған хабарламада.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Түркияның «Бешикташ» клубында ойнайтын жартылай қорғаушының жарақаты бар. Енді ол қосымша медициналық қаралымнан өтіп, нақты шешім қабылданады.

Бектенов елімізде салынатын екі АЭС-тің салу орнын анықтауды тапсырды

0

Премьер-министр Олжас Бектеновтің «Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында» мақаласында 2019 жылдан бері энергетика саласында атқарылған іргелі істерді шолып өткен, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Олжас Бектеновтің пайымдауынша, коммуналдық шаруашылық және энергетика саласындағы дағдарыстың ең ауыр кезеңі артта қалды.

Президенттің басшылығымен еліміздің инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ұзақ жылдар бойы жылу энергетикасы секторына тиісті көңіл бөлінбей келді: республика бойынша инфрақұрылымдық желілердің тозу деңгейі 65%-ға, ал жекелеген өңірлерде тіпті 90%-ға жетті. Қазір энергетика және коммуналдық салалардағы дағдарыстың ауыр кезеңін еңсере алдық. Егер 2019 жылы жылу көздерінің орташа тозу деңгейі 71%-ға жетсе, қазір оны 61%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Бұл жұмыс жалғасады, — деп жазады ол мақалада.

Үкімет басшысы былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен 86 мың шақырым инженерлік желіні жаңғыртып, жаңа қуат көздерін іске қосуды көздейтін Ұлттық жоба іске асырыла бастағанын атап өткен. Үкімет бұл жоба ойдағыдай іске асса, технологиялық апаттар санын 20%-ға қысқартып, энергетикалық және коммуналдық секторлардың тозу деңгейін орта есеппен 40%-ға азайтуға, генерацияны 7 ГВт-тан астам арттыруға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламаны іске асырған кезде қазақстандық өнім шығаратын кәсіпорындардың әлеуетін толық пайдалану жоспарланып отыр. Қазақстандық компаниялардың жоспарланған өнім көлемі шамамен 3,5 триллион теңге деп бағаланған.

«2019 жылдан бері электр энергиясын тұтыну 14%-ға өсіп, шамамен 120 миллиард кВт/сағ құрады. Халық санының өсуін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан индустриялық даму және цифрландыру саясатын ескере отырып, энергия тұтыну одан әрі арта түседі деп болжанып отыр. Осыған орай Президент тапсырмасы бойынша ядролық энергетиканы дамыту қолға алынды. Бірінші АЭС құрылысының ауданы анықталды. Тағы екі станция салу үшін құрылыс орындарын анықтау жұмыстары басталды», — дейді Үкімет басшысы.

 

Павлодар облысында ҚТЖ өкілі есірткі таратумен айналысқан

0

Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Үйлестіру кезінде Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны ұсталды. Ұсталғандардың бірі белсенді екені анықталды, ол «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері өзімен бірге достарына есірткі таратты.

Тінту іс шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электрондық таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тартып алынды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша есірткіні мақсатты дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу, жіберу немесе сату, сондай-ақ заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау үшін, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тасымалдау және жарылғыш құрылғыларды алып жүру бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды», — дейді Павлодар облысы полиция департаменті.

БҚО-да жолдың үстін су басып қалды

0

Батыс Қазақстан облысында Орал-Белес-Переметный автожолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қардың күрт еруі салдарынан су мол келіп, жолдың үстіне шығып кеткен.

Қазіргі кезде автокөліктер Орал-Саратов жолы арқылы қатынауда.

«Жүргізушілерге жолға шыққан кезде аталған ақпаратты ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске саламыз. Бұл азаматтар қауіпсіздігі үшін жасалып отыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Мемлекет басшысы Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашуды тапсырды

0

Астананың іргесіндегі Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашылады. Ұлттық құрылтайдың V отырысында Үкіметке осындай тапсырма берілді, деп хабарлайды Ақорда.

«Ұлттық құрылтайдың отырыстарын әр облыста өткізудің ұтымды тұсы бар. Алқалы жиында аймақтың дамуына қатысты өзекті мәселелер де қаралады. Менің тапсырмаммен бүгінгі басқосуға Ақмола облысының бір топ азаматы қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен жастар бар.

Мен осы аймақтың дамуына айрықша мән беремін. Сондықтан Ақмола облысындағы кейбір бастамалар мен жобаларға назар аударғым келеді», — деген Мемлекет басшысы 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғанын еске салды.

«Жастардың заман талабына сай білім алуын қамтамасыз ету үшін Үкімет пен облыс әкімдігі Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашуға кірісуі қажет. Қаланың Астана іргесінде тұрғанын және тұрғындарының саны тез өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл – өте өзекті мәселе», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетерлігі, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.

Қазақстанда жыл соңына дейін 188 медицина нысаны салынады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина инфрақұрылымын одан әрі ілгерілетуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

«Бүкіл ел бойынша медицина инфрақұрылымын барынша дамыту жұмыстары жалғасады. Жыл соңына дейін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 188 медицина нысаны салынады. Риддерде көп бейінді аурухананы, Өскеменде гематология орталығын, Ақтауда жедел жәрдем стансасын, Алматыда жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығын, Астанада ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа ғимаратын пайдалануға беру қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан ұлттық құрылтайда.
Осы орайда Президент 2026 жылы 32 аудандық орталық аурухананы жаңғыртуды тапсырды.

«Сондай-ақ Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауруханаларды салып бітіру керек. Жұмысты аяқтау мерзімін бұзуға болмайды», — деген міндет жүктеді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Курчатов қаласы екінші ғылыми қалашық болатынын мәлімдеді

0

Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы бола алады. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазіргі заманда экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Біз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр. Дегенмен Қазақстанда әлі күнге дейін бірде бір ғылым қалашығы жоқ. Алматы іргесіндегі «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің аумағында ғылым қалашығын құру туралы идея бар екенін білемін. Үкімет осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президен екінші ғылым қалашығы туралы айтты.

«Ғалымдардың пікірінше, тиісті дәстүрі мен тәжірибесі бар Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы бола алады. Бірақ мынаны ескерткім келеді: осы жоспардың бәрі шынайы есеп-қисапқа және табанды жұмысқа негізделуге тиіс. Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық. Сұрауы қатты болады», — деді Мемлекет басшысы.

Президент: Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды

0

Үш жылда саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осыдан үш жыл бұрын наурыз айында арнайы Жолдау жариялағанын еске салды.

«Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтердім. Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды», — деді Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды.

Шымкентте ер адам 42 жастағы әйелін ұрып өлтірді

0

Шымкентте ер адам 42 жастағы әйелін асқан айуандықпен ұрып өлтірді. 4 жасар ұлының айтуынша, әкесі оны басынан «штангамен» ұрып, артынша ас бөлменің терезесінен лақтырып жіберген. Отағасы қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Немолчи» қорының мәліметінше, марқұм әйелдің денесі қанталаған, қолында тілінген жараның іздері бар, көп жерінен қанаған. Мұрны сынып, маңдайы жарылған.

Үлкен балаларының айтуынша, әкесі анасын үнемі ұрып-соғып тұрады.

Жеті бала (22, 20, 15, 13, 11, 4 және 2 жаста) анасыз қалды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмағандар.

Қанды оқиға 5 ақпанда болды. Сот сараптамасының қорытындысы әлі дайын емес. Кәмелетке толмаған балалар мемлекеттік мекемеге орналастырылды, жақын арада олардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша сот отырысы өтеді.