Жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.
«Ұлттық құраманың ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов қосымша медициналық қаралымнан өтеді. Соның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатысу-қатыспауы туралы шешім қабылданады», — деп жазылған хабарламада.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Түркияның «Бешикташ» клубында ойнайтын жартылай қорғаушының жарақаты бар. Енді ол қосымша медициналық қаралымнан өтіп, нақты шешім қабылданады.
