Шымкентте ер адам 42 жастағы әйелін ұрып өлтірді

0
50
pixabay.com
pixabay.com

Шымкентте ер адам 42 жастағы әйелін асқан айуандықпен ұрып өлтірді. 4 жасар ұлының айтуынша, әкесі оны басынан «штангамен» ұрып, артынша ас бөлменің терезесінен лақтырып жіберген. Отағасы қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Немолчи» қорының мәліметінше, марқұм әйелдің денесі қанталаған, қолында тілінген жараның іздері бар, көп жерінен қанаған. Мұрны сынып, маңдайы жарылған.

Үлкен балаларының айтуынша, әкесі анасын үнемі ұрып-соғып тұрады.

Жеті бала (22, 20, 15, 13, 11, 4 және 2 жаста) анасыз қалды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмағандар.

Қанды оқиға 5 ақпанда болды. Сот сараптамасының қорытындысы әлі дайын емес. Кәмелетке толмаған балалар мемлекеттік мекемеге орналастырылды, жақын арада олардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша сот отырысы өтеді.

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here