Home Blog Page 4

Қазақстанда көктемнің алғашқы күндері ауа райы қалай болады

0

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, демалыс күндері циклонның батыс аймақтарға әсерімен және атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде қар жауады, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

«Республиканың солтүстік-батысында 2 наурызда қатты қар жауады, оңтүстігінде 2-3 наурызда, елдің оңтүстік-шығысында 3 наурызда қатты жауын-шашын болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Түнгі уақытта ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте -8-23°С, шығыста, орталықта -10-26°С, оңтүстікте -2-15°С, оңтүстік-шығыста -3-10°С, таулы аудандарда -12-20°С болады деп күтіліп отыр», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Странджа кубогінде қазақстандық екі боксшы қыз финалға шықты

0

Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінде» қазақстандық екі бұрымды боксшы аталған турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Нақтырақ айтсақ, 48 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген отандасымыз Әйгерім Сәттібаева жартылай финалда Ирландия боксшысы Сиара Уолшпен жұдырықтасты. Нәтижесінде Сәттібаева төрешілер шешімімен қарсыласын ұтып, финалға жолдама алды.

Сонымен қатар 54 келі салмақта ел намысын қорғаған қазақстандық боксшы Анел Сақыш Франция боксшысы Мелисса Бунуадан айласын асырып, қазақ қыздарынан екінші болып финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бүгін кіші әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің екі сессиясында Қазақстан атынан жалпы 13 бұрымды рингке шығады. Алда тағы 11 боксшы қызымызды тартысты жекпе-жектер күтіп тұр

Осыған дейін ерлер арасында Қазақстан құрамасынан 18 боксшы жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Елімізде телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

0

Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуын уақытша тоқтатады. Бұл жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізуге байланысты. Бұл туралы ұлттық оператор «Қазтелерадио» хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«2025 жылдың 5 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», — делінген «Қазтелерадио» хабарламасында.

Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогында алтыншы орынға ие болды

0

Бүгін Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі басталды. Алағашқы жарыс күнінде қазақстандық Анастасия Городко алтыншы орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Айта кетейік, спортшы негізгі финалға жолдама алған еді. Алайда жүлде үшін күресуге мүмкіндік болмады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жарысты ағымдағы кезеңдерде аяқтау туралы шешім қабылданды.

Нәтижесінде, әйелдер арасындағы орындар бірінші финалдың қорытындысы бойынша бөлінді. Онда Анастасия Городко алтыншы, ал Юлия Галышева жетінші болды.

Ерлер арасында бірінші финал толық аяқталмай қалды. Соңында Павел Колмаков бесінші орынға ие болды.

Аталған дода 2 наурызда мәресіне жетеді.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы бақ сынап жатыр.

Елімізде баспана алу ісінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тетігі ұсынылды

0

«Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстанда баспана алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу тетігі пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Оның пайымынша, ҚҚС-тың ұлғаюы құрылыс бизнесіне түсетін салық жүктемесін реттеуге және компаниялардың жасанды түрде ұстақталуына тосқауыл қояды. Бұл тұрғыда құрылыс бизнесінің ашық болуына ерекше мән беріліп, алданған үлескерлер азаяды.

«Менің ойымша, қазір екі бастама өте маңызды. Біріншіден, тұрғын үй сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ескеру керек. Бұл нарықты «көлеңкеден» шығаруға айтарлықтай ықпал етеді. Екіншіден, тұрғын үй сатып алу кезінде ҚҚС енгізу нарықтың ашық болуына әкеледі», — деді «Отбасы банк» басшысы Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы қашан басталатынын айтты.

Ұлытау облысында 9 мыңнан астам әйел 20 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алады

0

Халықаралық әйелдер күніне орай Ұлытау облысында 9 165 әйелге бір реттік төлем тағайындалады. Сыйлықақы мөлшері – 20 000 теңге, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Төлем Ұлытау облысының «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған 2 711 анаға беріледі.

Сонымен қатар, төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толған жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын балалары бар 6 454 көпбалалы отбасыға төленеді.

«8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бір рет берілетін әлеуметтік төлемнің құны – 20 000 теңге. Айта кетейік, бір реттік әлеуметтік төлем ҚР Үкіметінің 2023 жыл 30 маусымдағы №523 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімімен беріледі», — деп мәлімдеді Ұлытау облысының әкімдігінде.

Қай өңірлерде жұмыссыздық деңгейі жоғары: министрлік өкілдері жауап берді

0

Елімізде жұмысы жоқ ретінде ресми тіркелген адам ғана «жұмыссыз» саналады. Еңбек және халықты еңбекпен қамту министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті тиісті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«2024 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша ресми 448 мың жұмыссыз адам есепте тұр. Өңірлерге келсек, ең көп жұмыссыздық Түркістан облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы тағы басқа өңірлер бар», — деп қысқа қайырды Еңбек және халықты еңбекпен қамту министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардан бөлек, тіркелмей жұмыссыз жүрген азаматтар да бар.

Бұған дейін Еңбек вице-министріне БАҚ өкілдері неліктен Финляндия немесе Францияда жұмыссыздық деңгейі 8 пайыздан жоғары, ал бізде 4,6 пайыз Қазақстанда расымен жұмыссыздық деңгейі төмен бе деген сауал қойған болатын.

Былтыр елімізде 714 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айта кетсек, 2031 жылға қарай елімізде 1,6 млн кадр қажет.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсыластарын ойсырата ұтты

0

Бүгін Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан ватерполдан Азия чемпионатында еліміздің әйелдер командасы Гонконгпен ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Матч 25-6 есебімен біздің құраманың пайдасына аяқталды.

Аталған ойында Починок 5 гол салса, Воронцова 4 гол, Руднева 3 гол, Каплун, Аносова, Миршина, Цой, Нәбиевалар 2 голдан, Глухова, Новикова, Озкая 1 голдан салды.

Жалпы әйелдер арасында Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг сынға түсіп жатыр.

Айта кетейік, бәсеке финалистері шілдеде Сингапурда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Естеріңізге сала кетсек кеше отандастарымыз бірінші ойында Сингапур құрамасын 12:6 есебімен жеңген болатын.

Әйелдер арасында 6 команда — Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг айналма жүйе бойынша кім мықтыны анықтайды.

Талдықорғанда бірнеше көлік өзен бетіндегі мұз астына түсіп кетті

0

Оқыс оқиға Жетісу облысы Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта Балықты өзенінде болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Жетісу облысында Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта демалыс орны маңында өзен арқылы өту кезінде екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті.

«ТЖМ жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды. Барлығы 5 адам құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады», — делінген хабарламада.

ТЖМ мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертеді және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Рамазан айында кейбір азық-түлік түрлері арзандайды

0

Рамазан айында сұранысы жоғары азық-түлік бағасы өсуі мүмкін бе? Бұл сұраққа ҚР Сауда және интеграция министрі  Арман Шаққалиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Бұған дейінгі жылдарға шолу жасасақ, мұндай кезеңдерде (Рамазан айында) сауда желілері тиісті акциялар өткізіп, бағаны төмендету туралы хабарлап, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Оразаның өзі жақсылық пен мейірімділік мерекесі ретінде қабылданады. Сондықтан сауда желілерінде жұмыс істейтіндер қайырымдылық пен жан дүниесінің кеңдігін көрсетіп жатады, — деді А.Шаққалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда министр Рамазан айында еліміздің аумағында бағаны төмендетуге бағытталған акциялар болатынын атап өтті.

«Бұл тұрғыда осы кезеңде бағаның ауытқуы мен оразаны мүлдем байланыстырмаймыз», — деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Бас мүфти кәсіпкерлерді азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға шақырды.