Home Blog Page 13

Қытайдың валюта қоры 3,21 триллион долларға артты

0

Бұған Қытайдың Мемлекеттік валюта басқармасы (SAFE) жариялаған мәліметтер дәлел, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

2025 жылдың қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша Қытайдың валюталық қоры 2024 жылдың желтоқсан айының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,7 миллиард долларға немесе 0,21%-ға артып, 3,209 трлн доллар болды.

«АҚШ долларының индексі өткен айда төмендеді. Ал әлемдік қаржы активтерінің бағасы жетекші экономикалардың макроэкономикалық деректері мен ақша-несие саясатының әсерінен өсті», — делінген Қытай реттеушісінің мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде сондай-ақ қаңтарда валюта қорының ұлғаюы валюта бағамын ауыстыру мен актив бағасының өзгеруі әсерінен болғаны айтылған.

«Қытай экономикасы тұрақты жұмыс істеу және жақсарту тенденциясын сақтауда, бұл елдің валюталық резервтерінің тұрақты көлемін қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік валюта комитеті.

Қытайдың алтын қоры 73,45 миллион унцияға дейін өсті.

АҚШ Пентагон шығындарын тексеруді қолға алды

0

Бұл туралы Дональд Трамп бір күн бұрын Илон Маск басқаратын жаңа үкіметтік тиімділік департаментінің (DOGE) жұмысы туралы айта келе мәлім етті, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Мен оған Пентагонды, яғни армияны қайта тексеруді тапсырдым», — деп келтіреді Франс Пресс оның сөзін.

АҚШ президенті Қорғаныс министрлігінің кейбір шығындары «қауіпсіздігі жоғары аймақтар болуы мүмкін» екенін мойындады.

АҚШ-тың 2025 жылға арналған қорғаныс бюджеті 850 миллиард доллардан астам және әлемдегі ең үлкен бюджет екені аталып өтті.

Бұған дейін Илон Маск үкіметтің БАҚ-қа жұмсайтын шығынын қысқартатыны хабарланған болатын.

Қызылордада сұйытылған мұнай газының бағасы өсті

0

Қызылорда облысында сұйытылған мұнай газының бағасының литрі 85-90 теңгеден сатылатын болды, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл жөнінде журналистерге облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев мәлім етті. Бұл өзгеріс ҚР Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асып отыр.

Облыс бойынша газ бағасы 1 литр үшін 90 теңге, ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықта орналасқан елді мекендерде 95 теңге болып бекітілген. Ол шекті бағадан 5 теңгеге төмендетілді. Облыс орталығында газдың 1 литрі 85, аудандарда 90 теңгеден бекітілді.

«Айта кетсек, өзге өңірлермен салыстырғанда облыс сұйытылған мұнай газының ең төменгі бағасы бойынша алғашқы бестікте тұр. Облыс әкімдігі қаңтар айында операторлармен бірнеше мәрте мәжіліс өткізіп, нәтижесінде келісімге қол жетті. Қаңтар айында алынған газ қалдығы ескі бағамен, яғни 65-75 теңгеден сатылды. Операторлар өз кәсібіне зиян келмес үшін жаңа бағамен сатуға көшті, яғни ол тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін өсті», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, ақпан айына министрліктен 7300 тоннаға жуық газ бөлінді. Оған қоса Энергетика министрлігімен келіссөз жүргізіліп, ақпан айына қосымша 2000 тонна газ бөлу жоспарланып отыр.

«Бағаның көтерілуінің басты себебі – еліміздегі газды тұтынудың өсуі. Мысалы, аймақта 2022 жылы сұйытылған мұнай газын тұтынатын 7290 автокөлік болса, 2024 жылы 35690 автокөлік тіркелген, яғни 5 есе артқан. Одан бөлек сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны — тоннасына 63-65 мың теңге. Ал өндіруші зауыттар үшін шекті көтерме баға тоннасына 51932 теңге деңгейінде белгіленген. Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, алдағы 15 ақпаннан бастап АИ-92 бензин және дизель отыны бағасының 2-4 теңгеге өсуі мүмкін. Қазір облыста АИ-92 бензиннің 9 мың тоннаға жуық, АИ-95 бензиннің 1000, дизель отынның 8 мың тоннаға жуық қоры бар. Одан бөлек газ құю бекеттерінде 900 тонна сұйытылған мұнай газ қалдығы бар. Оған қоса Атыраудан 18 вагон (648 тонна) газ келе жатыр. «Қазгермұнай» компаниясынан күнделікті 200 тонна газ операторларға жеткізілуде. Бұл мәселе әкімдіктің тұрақты бақылауында тұр», — деді Ардақ Темірханұлы.

Қысқы Азиада ойындарында шорт-трекші қыздар күміс алды

0

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында Қазақстан делегациясының қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толықты, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Шорт-тректен Қазақстан қыздар құрамасы 3000 метрге командалық эстафета бәсекеінде мәре сызығын екінші болып кесті.

Қазақстан құрамасы сапында Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек және Алина Әжғалиева жарыс жолына шықты.

Спортшыларымыз жарыс барысында алдыңғы үштікті сақтады. Соңғы айналым кезінде, Корея құрамасының спортшысы жарыс жолынан шығып қалып, қазақстандық шорт-трекші қытайлық спортшыдан кейін екінші келді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы бесінші жүлдесі.

Осыған дейін, қазақстандық спортшылар қысқы Азия ойындарының алғашқы күні 3 күміс еншілеп, медалдар кестесінде төртінші орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас командалық эстафетадан ел қоржынына алғашқы күміс жүлде салған болатын.

Қостанай облысында заңсыз алтын өндірген компанияға айыппұл салынды

0

ҚР АШМ ЖРБК Қостанай облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жітіқара ауданының прокуратурасымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп жайылымдық жер учаскесінде заңсыз алтын өндіру фактісінің жолын кесті, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тексеру барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жер учаскесін иеленгені анықталды. Алайда жер иесі оны мақсаты бойынша пайдаланудың орнына, топырақты жуу әдісі арқылы заңсыз бағалы металдар өндірумен айналысқан.

Аумақты тексеру кезінде арнайы техника, металл іздегіштер және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге арналған басқа да құралдар табылды.

Сонымен қатар, құнарлы топырақ қабатының жойылғаны тіркелді. Осыған байланысты департамент тарапынан ЖШС-ға 2,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер нәтижесінде бұзылған құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіру міндеттелді.

Елімізде заңсыз алтын өндіруден қанша шығын келгенін жазған болатынбыз.

Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0

9 ақпанда Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман болады. Қызылордада да кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады деп болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с. Павлодарда да күндіз батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Петропавлда да тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Көкшетауда да тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанайда тұман болады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, Алакөл көлдері ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең шығыста, облыстың таулы аудандарында тұман болады.

Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелген болатын.

 

Биыл елордада қанша мектеп қолданысқа берілетіні белгілі болды

0

Астанада халық санының көбеюіне байланысты әлеуметтік нысандарға деген сұраныс пен қажеттілік артып келеді. Бұл мәселені шешу мақсатында мемлекеттік бюджет пен жеке инвестиция есебінен мектеп, балабақша мен медициналық ұйымдар сияқты қала тұрғындары үшін аса маңызды нысандардың құрылысы үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Мәселен өткен жылы елордада 24 мектеп ашылса, биыл тағы бірнеше білім ордасын пайдалануға беру жоспарланған. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев алдағы уақытта қай ауданда және қанша жаңа нысанның ашылатыны жайлы толығырақ айтып берді.

Былтыр елімізде пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті. Салынған мектептердің саны жағынан елорда алдыңғы қатарда. Өткен жылы Астанада бір ауысымда 33 мыңдай оқушыға арналған 24 мектеп ашылды. Оның көбісі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Аталған жоба бойынша салынған мектептер жаңа оқу жылында 22 400 елордалық оқушыны қабылдады.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, «Жайлы мектептердің» жетеуі Есіл ауданында, төртеуі Нұра ауданында, үшеуі Алматы ауданында, ал қалған екеуі Сарыарқа ауданында орналасқан. Сонымен қатар бюджеттік инвестициялық жоба бойынша 1 550 орындық 3 мектеп, 3 240 орындық 5 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді.

Бұл елордадағы үш ауысымды, оқушы саны шамадан артық және апатты мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Қасымхан Сенғазиев елордалық оқушылардың сапалы білім алуы үшін мектеп салу жұмыстары биыл да жалғасатынын жеткізді. 2025 жылы бір ауысымда 23 мың оқушы сабақ оқи алатын 15 мектеп ашылады. Оның ішінде төртеуі бюджеттік инвестициялық жоба бойынша салынып, 2 700 оқушыны қабылдайтын болады. Аталған 4 мектептің екеуі Нұра ауданында, қалғаны Алматы ауданында орналасады.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу биыл да жалғасады.

«2025 жылы жалпы сыйымдылығы 22 912 орындық 15 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 14 мың оқушыға арналған 7 білім ордасы ашылады. 4 мектеп Нұра ауданында, 2 мектеп Алматы ауданында, 1 мектеп Байқоңыр ауданында орналасады. Елордадағы жекеменшік мектептер саны да арта түседі. Жеке инвестордың қаржысы есебінен салынатын 4 мектеп жаңа оқу жылында шәкірт қабылдайды. Осылайша бұл мектептерде 6 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. 5172 оқушыға арналған 3 мектеп Есіл ауданында, 1040 оқушыға арналған 1 мектеп Нұра ауданында орналасады», — деді Қасымхан Сенғазиев.

 

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды компаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдағанын хабарлаған едік.

 

 

Атырауда жыл басынан бері 10 есірткі қылмысы анықталды

0

Атырауда жыл басталғалы 10 есірткі қылмысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған Bastaumedia.kz порталы.

Атырау облысы полиция департаменті есіркі қылмысының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді. Жыл басталған бір айдың өзінде есірткі қылмысына байланысты 15 құқық бұзушылық, оның ішінде 10 қылмыс тіркелді. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 11 келіге жуық есірткі, оның ішінде ауыр есірткі санатына жататын 1,4 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Облыс көлемінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде есірткінің фитозертханасын ұйымдастырған Атырау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Одан 14 түп сора өсімдігі тәркіленіп, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыс барысында есірткілік мас күйде автокөлік жүргізген екі тұлға анықталды. Сондай-ақ жыл басынан бері есірткі тасымалдаушылар анықталды, оның беруі Ақтөбе қаласынан келген.

Қала аумағында 10-нан астам есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазба анықталып, жойылды. Қала аумағындағы барлық жарнамалар мен күдік тудырған QR-кодтар да ұдайы тексерілуде. Күнделікті жүргізілген ғаламтор жүйесіндегі мониторинг арқылы есірткі жарнамалайтын 50 сайт анықталып, ІІМ-ге бұғаттауға жолданды.

Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жыл басынан бері облыс аумағында нашақорлыққа қарсы 74 нысаналы шара өткізілді, оның ішінде лекциялар, дөңгелек үстел, семинарлар, акциялар, мәдени-спорттық және басқа да шаралар жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар ұдайы департамент басшылығының бақылауында болады.

Алматыда соңғы екі күнде 21 заңсыз сауда нысаны бұзылды

0

Алматыда әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) жаппай сүру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Bastaumedia.kz ақпараттық порталы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған мемлекеттік органдар, полиция және депутаттар қатысуда. Қазір Әуезов, Жетісу және Түрксіб аудандарында су мен кәріз жүйесіне қосылмаған, ал электр желілеріне рұқсат құжаттарынсыз қосылған 21 нысан бұзылды. Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер бұл шараларды қолдап, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Алматыда заңды сауда жүргізу үшін СЕСН-ға арналған 142 орын бекітілген. Кәсіпкерлер қызметін Кәсіпкерлік басқармасы арқылы заңдастыра алады.