Қысқы Азиада ойындарында шорт-трекші қыздар күміс алды

0
42
Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында Қазақстан делегациясының қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толықты, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Шорт-тректен Қазақстан қыздар құрамасы 3000 метрге командалық эстафета бәсекеінде мәре сызығын екінші болып кесті.

Қазақстан құрамасы сапында Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек және Алина Әжғалиева жарыс жолына шықты.

Спортшыларымыз жарыс барысында алдыңғы үштікті сақтады. Соңғы айналым кезінде, Корея құрамасының спортшысы жарыс жолынан шығып қалып, қазақстандық шорт-трекші қытайлық спортшыдан кейін екінші келді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы бесінші жүлдесі.

Осыған дейін, қазақстандық спортшылар қысқы Азия ойындарының алғашқы күні 3 күміс еншілеп, медалдар кестесінде төртінші орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас командалық эстафетадан ел қоржынына алғашқы күміс жүлде салған болатын.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here