Home Blog Page 14

Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

0

Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz саййтына сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше пәтер ұрлығымен айналысқан ұрылар тобын анықтап, ұстады.

Арнайы операция барысында 23 пен 36 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында пәтерлерге терезе торларын бұзып, пластикалық терезелерді күштеп ашу арқылы кіріп, бағалы заттар мен ақша ұрлаған.

Оқиғалардың бірі 11 қарашада болған. Полицияға қала тұрғыны белгісіз біреулер Жамбыл көшесіндегі үйіндегі пәтеріне кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан 11 алтын бұйымды ұрлап кеткенін айтып, арызданған. Келтірілген шығын көлемі — 1 500 000 теңге.

Осыған ұқсас қылмыс Қарағанды қаласының 60 жастағы тұрғынының Абай көшесіндегі пәтерінде де тіркелді. Қаскөйлер зергерлік бұйымдар мен 7 000 000теңге көлеміндегі (5 000 АҚШ доллары және 3 000 000 теңге) ақшаны қолды қылған.

Тергеу барысында күдіктілердің Қарағанды мен Теміртаудағы жеті пәтер ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Келтірілген жалпы шығын шамамен 15 000 000 теңгені құрады. Үш күдікті қамауға алынды. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

БҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын жойды

0

БҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын жойды, — деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс прокуратурасының үйлестіруімен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына есірткі жеткізу арналарын жойды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында Toyota автокөлігі тоқтатылды. Оның ішіндегі такси жолаушысын тінту кезінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік зат салынған сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат салмағы 10 келі шамасында кептірілген марихуана болып шықты. Ұсталған 35 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ 30 жастағы Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірткілердің облысаралық жеткізілуін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Полиция қызметкерлері оны есірткі жасырып жатқан кезде ұстады. Оны жеке тінту кезінде әрқайсысында 25 шағын түйіншегі бар екі ірі орама табылды.

Оқиға орнын тексеру кезінде полиция қызметкерлері үш үлкен орама тауып, оның ішінен 60 түйіншек шықты, олардың барлығы ерекше иісі бар ұнтақ затпен толтырылған. Күдіктінің Ақтөбе қаласында жалға алынған пәтерін тексеру кезінде ішінде есірткі заты бар 22 зип-пакет және есірткі орау үшін қолданылатын зип-пакеттер, фольга және изолента табылды.

Барлығы есірткі заты бар 132 түйіншек тәркіленді, бұл қылмыстық әрекеттің ауқымды екенін растайды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті облыс аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымын тоқтату бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

Астанада витамин сатумен айналысқан қаржылық пирамида анықталды

0

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті «Happy Life KZ» қаржылық пирамиданың әрекетін тоқтатты, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Күдікті 2016 жылдан 2024 жылға дейін биологиялық белсенді қоспаларды сатамын деген желеумен салымшыларды тартып, оларға әр жаңа қатысушы үшін 10%-дан 300%-ға дейін табыс уәде еткені анықталды.

Салым сомасы маркетингтік стратегияға байланысты 7 500-ден 2 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырған. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 286 миллион теңгеден асқан. Нәтижесінде күдікті қаржылық пирамидаға 35 адамды тартқан.

Барлық зардап шеккендер – жеңіл табыс туралы құрғақ уәдеге сеніп қалған зейнеткерлер екенін атап өту керек, олар өз жинақтарының басқа салымшылар арасында ақша бөлу схемасының бір бөлігіне айналатынын сезбеген.

Қаржылық тергеу жүргізу барысында күдікті заңсыз жолмен алынған қаражатқа элиталық тұрғын үй кешенінен 36 миллион теңге тұратын пәтер сатып алғаны анықталды. Соттың санкциясымен аталған пәтерге тыйым салынды. Сот күдіктіге «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

 

 

 

 

Дәрігерлер Астана тұрғындарына үндеу жасады

0

Қыс мезгіліне қарамастан елордада балалардың терезеден құлау фактілері азаймай тұр. Осы мәселеге қатысты дәрігерлер астаналықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері жоғары қабаттың терезесінен үш бала құлап кеткен.

Дәрігерлер атап өткендей, балалардың терезеден құлап кетуіне қатысты қайғылы оқиғалардың артында ата-ананың абайсыздығы жатыр.

«Жыл басында ауруханамыздың жансақтау бөліміне түрлі жарақат алған немесе сүйектері сынған екі бала ауыр халде жетті. Кейін олар медицина қызметкерлерінің бақылауымен травматология бөліміне ауыстырылды. Балаларда көбінесе омыртқаның, қолдың және аяқтың сынуы, бас миының жарақаты және ағзаларының жарылуы болады. Біз ересектерден балаларын үйде жалғыз қалдырмауын қатаң түрде талап етеміз. Оның арты қайғылы оқиғаға айналуы мүмкін», — деп ескертті Астана қаласындағы № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Баймаханбет Сәдуов.

Аурухананың мәліметінше, өткен жылы балалардың терезеден құлауының 63 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 33 бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды; 4 жағдайда бала қайтыс болды.

 

Сенат жаңа бюджет кодексін Мәжіліске қайтарды

0

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Бюджет кодексі мен «Кейбір заңнамалық актілерге бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер және «Концессиялар туралы» Заңның күші жойылды деп тану туралы» Заңы екі оқылымда қаралды. Сенат құжаттардың жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Бюджет кодексін қайта зерделеу қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Себебі осыған дейін Кодекске жекелеген түзетулер ғана енгізіліп келді және кейбір жағдайда олар бір-бірімен байланыспай да жатты. Бұл, өз кезегінде, еліміздегі бюджет жүйесінің балансына кері әсерін тигізбей қоймады. Осыған байланысты бюджет саясатын біріздендіру және оған тың серпін беру қажеттілігі туындағаны рас. Әсіресе, қазіргі таңдағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бюджетке үнемшіл және жауапты ұстаныммен қарауға басымдық беру маңызды болды. Осыған сәйкес ең басты міндет ретінде бюджет жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз етуге мән бердік», — деді сенатор Бекбол Орынбасаров.

 

Израиль БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығатынын хабарлады

0

Израиль сыртқы істер министрі АҚШ-тың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығу туралы шешімін құптап, өз елінің де солай етуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тан кейін Израиль БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатысуын тоқтататынын жариялалы.

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар сәрсенбі, 5 ақпан күні X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жазды.

— Израиль президент Трамптың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатыспау туралы шешімін құптайды. Израиль Құрама Штаттарына қосылады және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатыспайды, — делінген министр мәлімдемесінде.
Саар БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесін «адам құқықтарын бұзушыларды дәстүрлі түрде қорғап отыр» және «Таяу Шығыстағы жалғыз демократия – Израильді демонизациялауда» деп айыптады.

— Бұл орган адам құқықтарын ілгерілетудің орнына демократиялық елге шабуыл жасауға және антисемитизмді насихаттауға басымдық беріп отыр, — деп қосты саясаткер.
Израиль СІМ-нің басшысы сондай-ақ өз еліне қарсы жүзден астам айыптайтын қарар қабылданғанын еске салды.

 

 

Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

0

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чнмпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) кезекті қарсыласы белгілі болды, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Top Rank промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы кезекті айқасын Қазақстанда өткіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Айта кетерлігі, жекпе-жек 5 сәуір күні Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

— Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз! Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз! Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік, — деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

«Есімде ешнәрсе жоқ»: Алмас Кішкенбаев шулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірді

0

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев курьер болып жүрген жас жігіттің жыныс мүшесін ұстап, тиіскені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

«ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған. Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.

434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ», — делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлайды қалалық сот.

Айта кетейік, осыған дейін Алмас Кішкенбаевтың Алматыда 17 жастағы курьерге тиіскені хабарланған болатын.

Елімізден Венгрияға тікелей рейс ұшады

0

Қазақстаннан Венгрияға тікелей ұшатын рейс ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Көлік министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 27 мамырынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

«Рейстер «Boeing 737» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр», — делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан су тасқынына дайындықты бастады

0

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынының алдын алу үшін «Көктем-2025» атты республикалық штабтың жаттығуын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, оқу-жаттығу штабы оңтүстік пен батыс өңірлерден басталған.

«Бүгін еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі басталды», — деп хабарлайды министрлік.

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасқан.