Home Blog Page 7

ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

0

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

22 қаңтар сағат 15.00-ден бастап 23 ақпан сағат 08.00-ге дейін Катонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтады. Бұл жол бүгін таңертең ғана ашылған болатын.

«Себебі бұл жолда қар көшкіні қаупі әлі де жоғары болып тұр. Көлік жүргізушілерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз. Алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отырған жөн», — деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО таулы жерлерінде қар көшкіні қаупі жоғары болып тұрғаны хабарланған.

«Қайрат» биылғы жылдың суперкубок иегері атанды

0

Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогында алматылық «Қайрат» елордада «Ақтөбеден» басым түсіп, суперкубок иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Былтыр алматылық клуб ел чемпионы атанса, ақтөбелік команда Қазақстан кубогына қол жеткізді. Екі команда суперкубокта алғаш рет кездесті.

Ойынның алғашқы минутында ақтөбелік команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Одан кейін «Қайрат» та қарсы шабуылға шықты. Кейбір сәттерде гол соғатын мүмкіндігін мүлт жіберіп алып жатты.

Екінші кезеңде ойын тізгінін «Қайрат» өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан 58-минутта Элдер Сантана гол соғып кетті.

Ал 62-минутта алматылық клубтан Еркін Тапалов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып кетті.

Ойынның 70-минутында «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаев алаңға шықты. Кездесу барысында әдемі ойын өрнегімен жанкүйерлер ризашылығына бөленді.

Ал 86-минутта алматылық ұжымнан Валерий Громыко қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Қайрат» қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, суперкубокқа ие болды.

Ақтөбеде 64 жастағы ер адам құдыққа құлап кетті

0

Ақтөбеде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құдыққа құлап кеткен 64 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға «Жаңақоныс-2» тұрғын алабында болған. 1960 жылы туған ер адам тереңдігі шамамен үш метр болатын ашық құдыққа түсіп кеткен. Ол өз күшімен шыға алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары құдық ішіне саты орнатып, ер адамның жоғарыға көтерілуіне көмектесті. Құтқарылған тұрғын өз үйіне жеткізілді», – делінген министрлік хабарламасында.

Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін құдықтың беті жабылды.

160 мың доллар: әнші Бүркіт кино түсіремін деп қанша қаражатынан айырылғанын айтты

0

Белгілі әнші Бүркіт (Айбек Жансейітов) кинематография саласында 160 мың доллар көлемінде қаржысынан айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Динара Сәтжанның «Late Night Show» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Бағдарлама барысында Бүркіт комедия жанрын көрермендер жақсы қабылдайтынын, алайда өзі қорқынышты фильм түсіргенін жеткізді. «Неге дәл осы жанрды таңдадыңыз?» деген сұраққа әнші:

«Бір досым кино түсір деп көндірді. Мен бұл саладан хабарым жоқ екенін айттым. Ол кинематография маманы болғандықтан, үйрет дедім. Ақшалай ұтылғаныма өкінбеймін, бұл – үлкен тәжірибе болды», – деді Бүркіт.

Әншінің айтуынша, алғашқы фильмдері сәтсіз болғанымен, үшінші фильмінен пайда тапқан

«Үш адам болып түсірдік. Тапқан табысымызды 50 мың доллардан бөліп алдық. Бірақ мен киноны ақша үшін емес, жанымның қалауы үшін түсіремін. Бұл еңбектерім балаларым үшін естелік болсын деген ниетпен жасалған дүние», – деп қорытындылады Бүркіт.

Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатында топ жарды

0

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін көш бастап, өзінің артықшылығын сақтап қалды. Еркін бағдарламасы үшін 190.37 ұпай алып, жалпы көрсеткіші 285.10 балл болды», — делінген хабарламада.

Екінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Ча Джун Хван иеленсе (265.02 балл), үшінші орынға АҚШ өкілі Джимми Ма тұрақтады (245.01 балл). Қазақстанның тағы бір спортшысы Диас Жиренбаев 166.34 балмен 19-орынға жайғасты.

Айта кету керек. Михаил Шайдоров – бұл турнирде жеңіске жеткен екінші қазақстандық спортшы. Бұған дейін 2015 жылы дәл осы Сеул қаласында Денис Тен Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы атанған болатын. Ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль еншілеген еді.

Түркияның бес елді мекенінде бір тұрғыннан тұрады

0

Түркияның соңғы ресми статистикасы елдің ірі қалаларында халықтың шамадан тыс көп екенін, ал кейбір аймақта адам мүлде жоқ екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Түркия Статистика мекемесінің (TÜİK) 2024 жылғы мәліметі бойынша Түркия халқының саны 85 664 944-ке жетті.

Осыған қарамастан, елде бір ғана адам өмір сүріп жатқан елді мекендер бар. Белгілі болғандай, бүгінде Түркиядағы бес ауылдың әрқайсысында бір ғана тұрғын бар.

Шырнак — Агачюрду (Гүчлюконак ауданы)

Сиирт — Чаттепе (Курталан ауданы)

Игдир — Тарлабасы (Аралик ауданы)

Битлис — Кайалыбағ (орталық аудан)

Бингөл — Чомаккөй (Кигі ауданы)

Бұл жерлерде ауыл өмірі тоқтап қалғандай және барған сайын өркениеттің ізі де азайып барады.

Түркияда 10 немесе одан аз халқы бар 57 ауыл бар, бұл урбанизация және үлкен қалаларға көшу үрдісін растайды.

Қарағанды облысының Шет ауданында ТЖ режимі енгізілді

0

Шет ауданында энергиямен жабдықтау жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі енгізілді, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Облыс әкімдігі атап өткендей, «Шет-Энерго» «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамайды.

«Осыған байланысты ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылды. «Шет-Энерго» көп жыл бойы электр желілерін жаңғыртуға қаражат салған жоқ. Бұл энергиямен жабдықтаудың жүйелі іркілістеріне әкелді. Тұрғындар жиі өшірілуден зардап шегеді, тек жарықсыз ғана емес, жылусыз да қалады. Тұрақты ескертулерге қарамастан, «Шет-Энерго» қызметтерінің сапасы жақсармай тұр. Аудан әкімдігі электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін жергілікті ауқымдағы ТЖ режимін жариялады», — делінген хабарламада.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес бұл қадам энергиямен жабдықтау саласында тәртіп орнатуға, сапалы қызметтерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған дейін Қарағанды облысында борышкерлерге несиелерін өтеуге көмектесетіні анықталды.

Шымкентте батыр аналарға 5 АЕК мөлшерінде ақша беріледі

0

Түркияның соңғы ресми статистикасы елдің ірі қалаларында халықтың шамадан тыс көп екенін, ал кейбір аймақта адам мүлде жоқ екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.

Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азамттарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады.

2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында көпбалалы аналар саны — 67 741 құраған. Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар саны — 13 805. Көп балалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны 53 936.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттіктер сәбиге қандай есімдерді көп қоятынын жазған болатынбыз.

БҚО-да бұрын істі болған ер адам көлік ұрлап, полицейден қашқан

0

Батыс Қазақстан облысында полицейлер автокөлік ұрлаған адамды «ізін суытпай» қолға түсірді. Бұл туралы Bastaumedia.kz ақпараттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері автокөлікті айдап кету қылмысын жедел түрде ашып, күдіктіні ұстады.

Түнгі уақытта 43 жастағы жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, Lada Kalina автокөлігінің ұрланғанын мәлімдеді. Ер адам дәмханаға тез арада кіріп шықпақ болып, көлігін оталып тұрған күйі ашық қалдырған. Осы сәтті пайдаланған қаскөй темір тұлпарды айдап әкеткен.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен көліктің бағытын анықтап, жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Алайда күдікті тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынудан бас тартып, жол ережелерін өрескел бұзды. Ол бірнеше мәрте қарсы жолаққа шығып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, маневр жасау ережелерін елемей, жол қозғалысына қауіп төндірді. Жалпы оның жеті бірдей әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Құқық қорғаушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде күдікті көп ұзамай қолға түсті. Тергеу барысында оның 27 жастағы азамат екені және бұрын телефон ұрлығы бойынша күдікке ілінгені белгілі болды.

Аталған факті бойынша автокөлікті айдап әкету бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.

Қазақстанға вейп әкеліп сатпақ болған шетел азаматы сотталды

0

Қазақстанға электронды темекі әкеліп сатпақ болған шетелдік сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-насілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Маңғыстау облыстық прокуратураның мәліметінше, Бейнеу ауданының соты шетел азаматын электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) елге әкелгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Шекара бекетін тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында 4 550 дана «WAKAsoPro20000» маркалы электрондық тұтыну жүйелері анықталған.

Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша көрсетілген тауарлар жоюға жіберілді.

«Қылмыстық кодекстің 301-1 жаңа бабы темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін жауапкершілікті белгілейді.

Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қамауға алу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазалары қарастырылған.

Маңғыстау облысының прокуратурасы электронды тұтыну жүйелерін сату және тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді», — делінген прокуратура хабарламасында.