«Қайрат» биылғы жылдың суперкубок иегері атанды

0
44
pixabay.com
pixabay.com

Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогында алматылық «Қайрат» елордада «Ақтөбеден» басым түсіп, суперкубок иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Былтыр алматылық клуб ел чемпионы атанса, ақтөбелік команда Қазақстан кубогына қол жеткізді. Екі команда суперкубокта алғаш рет кездесті.

Ойынның алғашқы минутында ақтөбелік команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Одан кейін «Қайрат» та қарсы шабуылға шықты. Кейбір сәттерде гол соғатын мүмкіндігін мүлт жіберіп алып жатты.

Екінші кезеңде ойын тізгінін «Қайрат» өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан 58-минутта Элдер Сантана гол соғып кетті.

Ал 62-минутта алматылық клубтан Еркін Тапалов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып кетті.

Ойынның 70-минутында «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаев алаңға шықты. Кездесу барысында әдемі ойын өрнегімен жанкүйерлер ризашылығына бөленді.

Ал 86-минутта алматылық ұжымнан Валерий Громыко қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Қайрат» қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, суперкубокқа ие болды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here