Home Blog Page 5

Енді елімізде жекеменшік балабақша салуға жер беруге тыйым салынады

0

Бүгін Мәжіліс отырысының бірінші оқылымында мектепке дейінгі білім беру, яғни балабақша мәселесіне қатысты заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Заң жобасында мектепке дейінгі білім беруге екі маңызды норма қарастырылған. Біріншіден, балабақша құрылысына арналған жер учаскелерін егжей-тегжейлі жоспарлауда жер бөлу және оларды жеке меншікке беруге тыйым салу ұсынылады. Бұл шара балабақшаларға арналған жерлерді сақтап, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», — деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов заң жобасын таныстыра отырып.

Сондай-ақ заң жобасында 6 жасқа толған балаларды мектепке барғанша балабақшада қалдыру мәселесі қаралып отыр.

«Қазір ата-аналар жиі кездесетін мәселенің бірі – балаларының 6 жасқа толғаннан кейін, бірақ оқу жылы басталғанға дейін балабақшадан шығарылуы. Бұл өз кезегінде ата-аналар үшін үлкен қиындықтар тудырады, өйткені олар бала күтімін ұйымдастыру мәселесімен бетпе-бет келеді. Мысалы, егер бала жылдың басында, ақпан айының 5 күні 6 жасқа толса, оны кейбір балабақшалар дереу шығарып жібереді, бірақ ол баланы мектепке әлі бара алмайды. Осы норманы енгізу арқылы балалардың балабақшада жазға дейін қалуына мүмкіндік беріледі», — дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында қаралып жатыр.

Аталған заң жобасында жарыстарда озат болған оқушылардың ұстаздарына бір реттік сыйақы беруді заңдастыру мәселесі қаралып жатыр.

Сонымен қатар заң жобасы аясында кітапханаларда ақылы іс-шара өткізіп, табыс табуға рұқсат берілмек.

Қазақстанда әншілердің әр жүктелген әніне ақша аударылатын ақпараттық жүйе енгізіледі

0

Елімізде сайттардан әні жүктелген сайын, караокеде айтылған сайын әншілерге ақша түсетін болады. Оны реттейтін арнайы ақпараттық жүйе жыл соңына дейін жасалмақ. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

«Қазір әншілердің әндері кафе, мейрамханаларда айтылса, заң бойынша арнайы процент төленуі керек. Бірақ оның әні қанша рет айтылғанын анықтайтын ақпараттық жүйе жоқ. Ешбір әнші өзінің әні ел бойынша қанша рет айтылғанын, тыңдалғанын біле алмайды. Шетелдік әртістерге қарасақ, олардың бүкіл ақпараты iTunes сияқты ақпараттық жүйелерге тіркеледі. Бір ән жүктелсе, содан ақша түсетін болғандықтан, концерттерге емес, сондай жобаларға кіруге ұмтылады. Біздің жасағалы отырған ақпараттық жүйеміз осы мәселенің бәрін реттеп, монетизациясын жолға қояды», — деді ол Үкімет отырысының кулуарында.

Вице-министрдің айтуынша, жобаны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Әзірше нақты атауы жоқ. Оны Әділет министрлігіне қарасты «Казпотент» компаниясы жүзеге асырады.

Бұған дейін Әділет министрі бұл салада жасанды интеллект элементтері бар цифрлық платформаны енгізу мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қауіпсіздік кеңесінің алдыңғы отырысы 2024 жылдың 9 қыркүйегінде өткен болатын.

2025 жылғы 12 ақпанда Астанада Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің кеңселері арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті. Бұдан кейін Ғизат Нұрдәулетов пен Сергей Шойгу ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Елімізде жүктілік және босану бойынша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережелері өзгерді

0
Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 21 ақпандағы бұйрықпен еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру ережелеріне және басқа да бұйрықтарға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.
Атап айтқанда, жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру тәртібі өзгертілді.
Құжатқа сәйкес, жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын бақыланған орны бойынша медициналық ұйымда медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігері), егер ондай маман болмаған жағдайда жүктіліктің отызыншы аптасында ДКК қорытындысынан кейін ұзақтығы жүз жиырма алты күнтізбелік күн мерзімге (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) бөлім меңгерушісімен бірлесіп дәрігер (терапевт, жалпы практика дәрігері) береді.
Жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ берілген күні пациенттің амбулаториялық медициналық картасында диагнозы (жүктілік мерзімі) белгіленген әйелдің денсаулық жағдайы туралы тиісті жазба жасалады.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын және/немесе жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлігі бар әйелдерге жүктіліктің жиырма жетінші аптасында жүктілік және босану бойынша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы қалыпты босанған жағдайда ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күн (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн) беріледі («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес).
Қазақстан Республикасының шегінде тұрақты тұрғылықты мекенжайынан уақытша кеткен әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы босанған (мерзімінен бұрын) медициналық ұйымда немесе Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес босандыру ұйымының үзінді көшірмесіне (алмастыру картасына) сәйкес бақыланған орны бойынша медициналық ұйымда беріледі (ұзартылады).
Тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге, олар жүктілігі және босануы бойынша демалысы кезінде жүгінген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бекітілген орны бойынша медициналық ұйымда ДКК қорытындысы бойынша, жүкті әйелдің Қазақстан Республикасынан тыс жерде болу фактісі және баланың (балалардың) медициналық ұйымда туу фактісі (баланың туу туралы куәлігі) куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде беріледі (ұзартылады). Ұсынылатын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуы және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында расталуы тиіс;
Қиын босанулар тізбесінде көрсетілген қиын босану жағдайда немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бақыланған орны бойынша медициналық ұйымдағы медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда дәрігер (терапевт, ЖПД), ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, денсаулық сақтау босандыру ұйымының шығару парағына сәйкес қосымша күнтізбелік он төрт күнге береді және ұзартады.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын және/немесе жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлігі бар әйелдерге қиын босанған, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бақыланған орны бойынша медициналық ұйымдағы медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда дәрігер (терапевт, ЖПД), ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, денсаулық сақтау босандыру ұйымының үзінді көшірмесіне сәйкес бақыланған орны бойынша қосымша күнтізбелік он төрт күнге береді және ұзартады («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес);
Жүктіліктің жиырма аптасынан бастап отыз аптаға дейінгі мерзімінде босанған және дене салмағы бес жүз грамм және одан жоғарғы бала туу жағдайында, босану кезіндегі асқынулар мен жүргізілген операцияға қарамастан, әйелге босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күнге босану фактісі бойынша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын және/немесе жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлігі бар әйелдерге жиырма екі аптадан бастап жиырма жетінші аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған жағдайда, босану кезіндегі асқынулар мен жүргізілген операцияларға қарамастан, әйелге босанғаннан кейінгі босану фактісі бойынша күнтізбелік тоқсан үш күн еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес);
Әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде жүктілікке және босануға байланысты демалыс жүктіліктің 30 аптасынан бастап ұзақтығы жүз жиырма алты күнтізбелік күнге (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) есептеледі.
Жүктіліктің отызыншы аптасында жүкті әйел стационарда болуы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қажет болған жағдайда, жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бақыланған орны бойынша медициналық ұйымда медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), егер ондай маман болмаған жағдайда бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер (терапевт, жалпы практика дәрігері) ДКК қорытындысынан кейін медициналық денсаулық сақтау ұйымының үзінді көшірмесіне сәйкес ұзақтығы жүз жиырма алты күнтізбелік күн (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) мерзімге береді.

Перизат Қайраттың қайырымдылық қоры таратылады — министрлік

0
14 ақпанда Әділет министрлігі Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арызбен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.
Әділет министрлігі 2021 жылдың 11 қазанында Астана қаласы Әділет департаменті Перизат Қайрат басқаратын «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тіркегенін еске салды.
Ведомствода түсіндіргендей, сотқа талап-арызды беруге негіз ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін құру кезінде жіберілген заң бұзушылықтарға байланысты оның тіркеуінің күшін жою рәсімін бастау туралы хаты негіз болды.
«Олар орны толмас сипатқа ие, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болып табылады», – делінген Әділет министрлігі таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Перизат Қайратқа қатысты 2025 жылдың 23 қаңтарында мүгедек балаларды оңалту орталығының құрылысына ақша жинау кезіндегі алаяқтық фактісі бойынша жаңа сотқа дейінгі тергеу тіркелген.

2024 жылдың 14 қарашасында ҚМА волонтер белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. 15 қарашада Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды. 16 қарашада ҚМА ұсталған белсендінің ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады.

Премьер-министр әділет министрлігін цифрландыру туралы тапсырма берді

0
Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы 26 ақпанда Әділет министрлігінің көрсетілетін қызметтерінің жеделдігін, қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін цифрлық технологиялардың барлық әлеуетін пайдалануды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz-ке

сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Олжас Бектенов бұл процестің іргелі факторы жасанды интеллекттің дамуы екенін атап өтті. Бұл дебюрократизацияның негізгі әдістерінің бірі.
«Ең алдымен, халыққа заңгерлік көмек көрсетуге ерекше назар аудару керек. Ол үшін робот-сот орындаушысы арқылы жеңілдетілген өндірісті дамыту жалғасуда. Роботты іске қосу басталғаннан бері өткен жылдың тамыз айынан бастап 125 мыңнан астам құжат орындалды. Ал рәсімдерден өту кезіндегі азаматтардың ақша үнемдеуі 600 млн теңгеден асты», – деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ, ол жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру үшін нотариатта атқарушылық жазу тетігін жетілдіруге назар аударды.
«Әділет министрлігі ұсынылған тәсілдердің, оның ішінде заңнамаға түзетулер арқылы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл «Е-нотариат» жүйесінде жеке кабинет ашуға, борышкердің тіркелген жері бойынша ғана атқарушылық жазбалар жасауға, оларды нотариустар арасында автоматты түрде бөлуге қатысты», – деп атап өтті Үкімет басшысы.
Олжас Бектеновтың пікірінше, «Әділет» ақпараттық жүйесін, эталондық бақылау банкін, E-ZanKomegi және eOtinish жүйесін одан әрі дамыту және жаңғырту қажет.
«E-ZanKomegi-де 2 мыңға жуық адвокаттар мен заң кеңесшілері тіркелген. Бұл жүйеде азаматтарға тәулік бойы құқықтық қолдау көрсететін бейнеконсультациялар жұмыс істейді. Кеңес беру процесін автоматтандыру үшін чат-ботты енгізуді жеделдету қажет», – деп түйіндеді ол.

Алматыда Даңқ мемориалы жаңартылады

0
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған
Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Қалпына келтіру жұмыстары арнайы комиссияның тексерісі нәтижесінде басталды. Комиссия мемориалдағы гранитті және тас плиталардың, сондай-ақ кеспе тастың тозу деңгейін бағалады.

Мемориалдық кешенге 50 жыл болды, осы уақыт ішінде оның гранитті жабындысы, тас тақталары мен кеспе тастары айтарлықтай тозған, жарықтар мен кей жерлерде бұзылу белгілері пайда болған. Бұл аумақта соңғы 20 жылда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, сондықтан мемориалдың тарихи келбетін сақтай отырып, оны бастапқы қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

Қалпына келтіру жұмыстары Даңқ мемориалының орталық бөлігі – «Мәңгілік алау» тұғырының гранитті тастарын құммен тазалауды қамтиды. Сонымен қатар, гранитті тақтатас тазаланып, жаңартылып, мемориалдық кешен мен Вознесенск соборы арасындағы кеспе тас ауыстырылады. Жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың сәуір айында аяқтау жоспарланып отыр.

Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

0
Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде баяндалды.
Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды.
Сондай-ақ Премьер-Министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті дамыту және жеке инвестиция тарту үшін басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бағытындағы Үкімет жұмысы жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

АҚШ-та су тасқынынан қаза тапқандар саны 20-дан асты

0

Американың Кентукки штатында қатты су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Луисвилдегі Ұлттық метеорологиялық қызметінің кеңсесі хабарлағандай, осы аптада ауа райы жылы, құрғақ болады деп болжанып отыр. Бұл штаттағы жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.

660-қа жуық тұрғын әлі күнге дейін жарықсыз қалған. Штат бойынша 100-ден астам жол жабық, кентуккилік 600-ге жуық тұрғын қонақүйлерде, мектептерде және шіркеулерде паналап жүр, деп хабарлады губернатор Энди Бешир.

«Кентукки соңғы жылдары болған ең үлкен табиғи апаттардың бірін бастан өткерді, оның зардаптары бүкіл штатта сезілді», — деп жазды Энди Бешир.

ШҚО-да респиратор зауытының жұмысы қайта жандандырылады

0

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауапта Шығыс Қазақстан облысындағы респиратор шығаратын зауытты қайта жандандырудың ұсыныстары әзірленіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Депутаттық сауалда Риддер және Алтай қалаларының маңындағы қорғасын мен мырыш өндіретін кеніштердің сарқылып бара жатқаны мәселе етіп көтерілген.

«Риддер және Алтай қалаларының маңында мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген аумақтың ауданы 8 675,359 шаршы шақырым болады (Риддер қ. – 1832,626 шаршы шақырым; Алтай қ. – 6842,733 шаршы шақырым). ШҚО-ның минералдық-шикізат базасын толықтыру үшін 2020 жылдан 2024 жылға дейін мемлекеттік геологиялық зерттеулер жүргізілді. Осылайша «Восточно-Старковский» телімінде (Риддерден 22 шақырым жерде) 8 мың тонна мыс, 4 мың тонна қорғасын, 27,2 мың тонна мырыш бар деп болжанып отыр. Ал Алтай қаласынан 264,4 шақырым жердегі «Миролюбовский» телімінен 619,5 тонна вольфрам, «Кунеой» телімінен (Алтай қ. 109 шақырым жерде) берилидің 20,6 мың тонна қоры бар деп бағаланған», — деп жазылған жауапта.

Премьер-министр Алтай ауданындағы Серебрянск қаласын дамыту үшін сондағы қала құраушы кәсіпорынды қайта жандандыру жоспарда бар екенін айтады.

«Биылғы қаңтар айында «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының делегациясы Қарағанды облысының Саран қаласындағы индустриялық аймаққа барып, аймақтың даму барысымен танысты. Бүгінгі таңда Алтай ауданындағы Серебрянск қаласын дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірленіп жатыр. Яғни, Серебрянск органикалық емес өндірістер зауытын қайта жандандыру жоспарда бар», — деп жазады Олжас Бектенов.

Аталған зауыт тәуелсіздік жылдарында респиратор мен өндірістік ауа сүзгілерін шығарған. Ал кеңес заманында танк пен бронды техниканың сүзгілерін өндірді. Ал Чернобыль атом стансасындағы апаттан кейін газға қарсы тұмылдырық пен респиратор шығаруға көшкен. Кеңес билігі құлағаннан кейін зауыт Қорғаныс министрлігіне бағынышты акционерлік қоғам болып тіркелді. Кейін жекешелендіріліп, қолдан-қолға өтті. Ашық дерек көздерінде зауыт иелерінің ішінде Мұхтар Әблязовтің де болғаны айтылады. 2010 жылы кәсіпорын Проблемалық кредит қорына өтті. Содан бері зауыт бірде жұмыс істеп, бірде тоқтап тұр. Ашық дерек көздеріндегі мәлімет бойынша 2024 жылы кәсіпорын 33 296 теңге салық төлеген.