Израиль БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығатынын хабарлады

0
40
pixabay.com
pixabay.com

Израиль сыртқы істер министрі АҚШ-тың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығу туралы шешімін құптап, өз елінің де солай етуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тан кейін Израиль БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатысуын тоқтататынын жариялалы.

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар сәрсенбі, 5 ақпан күні X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жазды.

— Израиль президент Трамптың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатыспау туралы шешімін құптайды. Израиль Құрама Штаттарына қосылады және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатыспайды, — делінген министр мәлімдемесінде.
Саар БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесін «адам құқықтарын бұзушыларды дәстүрлі түрде қорғап отыр» және «Таяу Шығыстағы жалғыз демократия – Израильді демонизациялауда» деп айыптады.

— Бұл орган адам құқықтарын ілгерілетудің орнына демократиялық елге шабуыл жасауға және антисемитизмді насихаттауға басымдық беріп отыр, — деп қосты саясаткер.
Израиль СІМ-нің басшысы сондай-ақ өз еліне қарсы жүзден астам айыптайтын қарар қабылданғанын еске салды.

 

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here