Дәрігерлер Астана тұрғындарына үндеу жасады

0
47
pixabay.com

Қыс мезгіліне қарамастан елордада балалардың терезеден құлау фактілері азаймай тұр. Осы мәселеге қатысты дәрігерлер астаналықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Bastaumedia.kz ақпараттық порталы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері жоғары қабаттың терезесінен үш бала құлап кеткен.

Дәрігерлер атап өткендей, балалардың терезеден құлап кетуіне қатысты қайғылы оқиғалардың артында ата-ананың абайсыздығы жатыр.

«Жыл басында ауруханамыздың жансақтау бөліміне түрлі жарақат алған немесе сүйектері сынған екі бала ауыр халде жетті. Кейін олар медицина қызметкерлерінің бақылауымен травматология бөліміне ауыстырылды. Балаларда көбінесе омыртқаның, қолдың және аяқтың сынуы, бас миының жарақаты және ағзаларының жарылуы болады. Біз ересектерден балаларын үйде жалғыз қалдырмауын қатаң түрде талап етеміз. Оның арты қайғылы оқиғаға айналуы мүмкін», — деп ескертті Астана қаласындағы № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Баймаханбет Сәдуов.

Аурухананың мәліметінше, өткен жылы балалардың терезеден құлауының 63 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 33 бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды; 4 жағдайда бала қайтыс болды.

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here